Соңғы 12 айдағы кірістілік ?

Шартты бірліктің құны ?

Зейнетақы активтерінің мөлшері ?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексі (Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Кодексі) 36-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде жүзеге асырады. Сондай-ақ аталған баптың 2-тармағында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбесін әзірлейді, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді деп көзделген.
© 2013-2026 "БЖЗҚ" АҚ
main-menu